Ана тілім - қазақ тілі
Мақалада қазіргі жас ұрпақтың қазақ тілін білмеуі айтылады.
"Ана тілің - арың бұл, ұятың боп тұр бетте," - деп ағиық ақындарымыз жырлап кетіп еді. Бірақ қазіргі таңда ана тіліміз қаншалықты ұятымыз боп тұр?!
Қазіргі жастар, өскелең ұрпақ, жеткіншектердің, әсіресе қаладағы тұратындар өз ана тілдерінде сөйлеуді қойды десек те болады. Қазақ тілінің жанашыры ретінде осындай жағдайды әр күні көре жүріп, тіліміздің болашағына алаңдамай тұра алмадым. Өз туған тіліңді білмеу, онымен сөйлемеу, оны құрметтемеу не деген бақытсыздық еді?!
Өз тілінде сөйлеуге ең бірінші себеп болатын әрине ата-ана, отбасы. Балаға тәрбие бере отырып, өмір сүрудің барлық қажеттіліктерін үйрете отырып неге ана тілінде сөйлеуді қадағалауды алдыңғы орынға қоймасқа?! Тілдің Отаннан кейінгі...