IT ЖУРНАЛИСТИКАДА ОҚУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Цифрлық технология күн сайын даму үстінде. Бұл өзгеріс журналистика саласына да әсер етпей қоймады. Бұрынғыдай тек теледидардан көріну білікті маман үшін аздық етеді. Осы талапқа сай оқу орындары да өз тізіміне жаңа мамандықтарды қосты. Бір-бірінен ерекшелену үшін білім жүйесіне түрлі өзгеріс енгізіп жатыр. Ал ХАТУ-да журналистикада оқудың қандай ерекшеліктері бар?
Білім жүйесі жаңа форматта. 2-3 сағаттап лекцияны тыңдап, оқытушының сөзіне ілесіп конспект жазу деген түсінік мүлде жоқ. Айтылған ақпараттан керегін түртіп алу студентке жақсы. Бірақ ешкім қолжазбаларды міндеттеп сұрамайды.
Сонымен қатар, теориядан гөрі практика көп. Студенттерге тек теорияны...