Қостанайлық саяхатшы Түркия астанасына велосипедпен жетті
АНКАРА. ҚазАқпарат - Қазақстандық велосипедші Қостанайдан Анкараға дейін 4600 шақырым жолды жүріп өтті. Ол өзінің веломарафонын ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арнады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.