103news.com
World News in Kazakh
Октябрь
2022

"Билегенді, ән айтқанды жақсы көретін". Алматы облысында 3 жасар қыз ауруханада көз жұмды

0

Алматы облысының прокуратурасы 3-жасар қыздың өліміне қатысты тергеу бастады. Айя Әділбекова қазанның 6-нан 7-не қараған түнде көз жұмған. Аймақтық клиникалық аурухананың дәрігерлері гемморрагиялық инсульт диагнозын қойған. Алайда туыстары баланың өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv телеарнасына сілтеме жасап.
Анасы Әсел Даниярованың айтуынша, кішкентай Айя би билеп, ән айтқанды жақсы көрген екен. Жүрек ақауына қарамастан, көңілді қыз белсенді дамып, бір орында отырмаған
Әсел Даниярова 4 қазан қызының қызуы аяқ-асты көтеріліп Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасына жеткізілгенін, дәрігерлер баланы қараудың орнына үш күн кабинеттердің арасында сабылтып қойғанын айтады. Кейін Іле ауданына қарасты Өтеген батыр кентіндегі ауруханаға апарыпты. Қыз сол күні көз жұмған. Алайда арызданушы баласының өліміне алғашқы медициналық көмек көрсеткен Еңбекшіқазақ аудандық аурухана мамандарын кінәлап отыр.

"Келген кезде менен сараптама алған жоқ. Мына карта әлі менің қолымда, медициналық картаны ашып қараған жоқ. Осыны ашып қарағанда қызымды аман алып қалуға болар ма еді? Кінәларын мойындап тұр. Үндемейді. Жауаптарын өздеріңіз көріп тұрсыздар", – деді Есік қаласының тұрғыны Әсел Даниярова.

Әйел қызымен үйге оралған соң жағдайы одан әрі нашарлап, буындары ісіне бастағанын айтады. Ақ халаттылар рентгенография жүргізіп, сүйек зақымын анықтамаған. 

"6 қазанда қызыммен бірге келдім. Сол кезде ғана сараптама жүргізіп, қанында тромбоциттердің 80-ге дейін төмендеп кеткенін анықтады. Негізі 160-180 аралығында болуы керек. Жедел жәрдемді күтсін, Өтеген батыр ауылына алып барамыз деді. Сол түні қызымнан айырылып қалдым", - деп қосты Әсел Даниярова. 

Тұрғын осы күнге дейін дәрігерлерден мардымды жауап ала алмағанын мәлімдеді. 

"Анасы мен қызы бізге қабылдау бөліміне қаралған, түскені рас. Үш рет келіп қабылдау бөліміне түсті. Қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. Одан кейін қорытындысын айтатын боламыз", - деді Еңбекшіқазақ аудандық орталық ауруханасы директорының орынбасары Әлия Омарбекова.

Ал қызын қараған медициналық қызметкерлер қазір жұмыстан шеттетілген. Мән-жайды аудандық прокуратура бақылауға алыпты.

"Біз сол арызды Алматы облыстық Медициналық фармацевтикалық бақылау департаментіне жолдадық. Мемлекеттік органмен тексеру жүргізіліп жатыр. Прокуратура органдарының қатаң бақылауында. Егер медициналық қызметкерлердің салғырттығы дәлелденсе ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес қатаң жазаға тартылады. Бес жылға дейін сотталуы мүмкін", - деді Еңбекшіқазақ ауданы прокуратурасының аға прокуроры Медет Қабылқайыров.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!





Губернаторы России
Москва

Сергей Собянин. Главное за день





Москва

Стоит ли отдавать ребенка в частную школу?


Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media
Москва

Собянин пообещал продлить скоростные диаметры Москвы в Ярославскую область



103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. 103news.com — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости

Елена Волкова

В Москве ежегодно состоялся юбилейный, всероссийский, патриотический гала-концерт «Проза и поэзия» «Россия - семья семей»




Спорт в России и мире

Алексей Смирнов – актер, которого, надеюсь, еще не забыли

Олимпийские ценности: доступное жилье в Иваново сдадут по улучшенному стандарту

Подведены итоги конкурса «Мы верим твердо в героев спорта»

Экс-футболист "Манчестер Юнайтед": Лондон хотят сделать резиновым, как Москву


WTA

Рахимова обыграла Биррелл и вышла во второй круг WTA 1000 в Пекине



Новости Крыма на Sevpoisk.ru


Москва

Анна Атлас Задается Вопросом: Имеют ли Обоснования Мнения Станислава Кондрашова?



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России