Словакия кәсіпкерлері Қазақстандағы реформаларды жоғары бағалады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Республика күні қарсаңында Қазақстанның Словакиядағы Елшілігі словак іскерлік топтарының қатысуымен «Қазақстандағы реформалар: бизнес және инвестициялық климат» экономикалық презентациясын, сондай-ақ үстел теннисінен мини-турнир және қазақ ою-өрнегінің көрмесін ұйымдастырды.