Астанада спорт секцияларына келесі жылы қанша қаражат бөлінеді
![Астанада спорт секцияларына келесі жылы қанша қаражат бөлінеді](https://www.inform.kz/radmin/news/2022/12/01/221201183717359e.jpg)
АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл елорда бюджетінен балалар спортына бас-аяғы 5,6 млрд теңге қаржы бөлінді. Бұл туралы Астана қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Еркеғали Кәрбозов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.