Көкшетаулық фельдшер: Әрқайсымыз күніне орташа 12 шақыртуға барамыз
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласындағы «Viamedis» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты жедел медициналық көмек орталығының фельдшері Филипп Ким науқастарға медициналық көмек көрсетуден еш аянып қалған емес. Тіпті жұмыстан тыс уақытта да ол мұқтаж адамдарға көмектесуге тырысады. Ауру азабын тартып, көмек сұрай келген науқасқа қарайласу, қолдан келген медициналық көмек көрсетуді ол өзінің кәсіби міндеті, әрі адами парызы деп санайды. Осы ретте, жан-жағындағыларға мейірімнің шуағын себезгілеп жүрген кәсіби маман Филипп Ким ҚазАқпарат тілшісіне нағыз фельдшердің қандай болуы керектігі туралы өз көзқарасымен бөлісті.