Үкіметте саудадағы сұр схемалар, көкөніс бағасы және отандық қант мәселесі талқыланды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Сенбі күні Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен отырыста әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бойынша баға жағдайына әсер етудің негізгі факторлары және бағаны тұрақтандыру үшін қабылданып жатқан шаралар қаралды. ҚазАқпарат бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.