«Медеу – Шымбұлақ» аспажолында адамдар қалып қойды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Әлеуметтік желіде «Медеу – Шымбұлақ» аспалы жолында кабиналарда адамдар қалып қойғаны туралы видео тарады. Тау шаңғысы курортының баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.