Қатерлі ісік-қоғам дерті
Онкология
Жаһандық медицина сәт сайын дамып, жағымды жаңалықтар жарияланып жатқанымен, адамзат баласы ауыздықтай алмай отырған кесел мен дерт әлі де аз емес. Әсіресе отандастарымызды онкологиялық аурулар алаңдатады.
Қатерлі ісіктен құлантаза айығуды армандаған адамның күдігі күшейгенімен, үміті үзілмейтіні белгілі. Алайда ауру бар болған соң, оның алдын алу ісі де бар екенін қаперден шығармаған жөн. «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеген» дұрыс-ақ. Былтыр қарашада Қазақстан халқына онкологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты жаңартылып, соның шеңберінде 2022 жылдан бастап «Жасыл дәліз» енгізілді. Бұл қадам адамдардың қатерлі ісікке деген күдігі кезінде пациенттерді тексеру уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.
Жалпы оноколог маманның айтуы бойынша онкологиялық ауруларды анықтаудың ең...