Екібастұздағы апат: Арнайы комиссия 244 тұрғын үйдің зақымданғанын анықтады
ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат - Екібастұздың жылыту жүйесі негізінен теңдестірілген, жылу тасымалдағыштың параметрлері қалыпты. Бұл туралы Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдікке сілтеме жасап.