Қарағандыда жалған нөмірлі, іздеуде жүрген көліктерді анықтайтын жүйе іске қосылады
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды мен Теміртауда алдағы жылдың басынан бастап «қауіпті жүргізушілерді» анықтайтын «Қорғау» жүйесі іске қосылмақ. Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.