А.Айымбетов: Ғарыштағы бос уақытымызда Бэтмен сияқты «ұшып ойнадық» (ВИДЕО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылдың 2 қыркүйегінде «Байқоңыр» айлағынан «Союз ТМА-18М» кемесімен ғарышқа ұшқан экспедиция мүшелері (кеме командирі С.Волков, бортинженерлер А.Айымбетов пен А.Могенсен) халықаралық ғарыш стансасындағы жоспарлы жұмысты аяқтаған соң, балаша қуанып ойнаған екен. Бұл туралы бүгін ҚР Қарулы күштері Әуе-қорғаныс күштерінде өткен кездесу барысында жас ұшқыштардың сұрағына жауап бере отырып, Халық Қаһарманы Айдын Айымбетов айтып берді.