Астанада Латиф Қазбековтің «Ертегілер әлеміне саяхат» көрмесі ашылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 28 қазанда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде Ресей Суретшілер одағының мүшесі Латиф Қазбековтің «Ертегілер әлеміне саяхат» атты сурет көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді. Бұл туралы аталған мемлекеттік мекеменің баспасөз қызметі хабарлады.