Арнайы үйретілген иттер есірткіні қалт жібермейді - ҚР ҰҚК
АСТАНА. ҚазАҚпарат - ҚР ҰҚК Шекара қызметінің «Солтүстік» өңірлік басқармасына қарасты Павлодар шекара отрядының «Үрлітөбе авто» көліктік шекаралық бақылау бөлімшесінде (Қазақстан - Ресей шекарасы) кеше шекара нарядының «Вулкан» атты арнайы үйретілген қызметтік иті елімізден Ресейге қарай «Фольксваген» автокөлігімен бет алған, 1976 жылы туған Александр есімді азаматтың жанынан айналсоқтап, шықпай қойды. Иттің бұл қылығы - «жүргіншінің қалтасында есірткі бар» деген белгі.