"Журналистиканың құқықтық негіздері"
Біздің елімізде БАҚ-тың қызметін реттестіретін БАҚ туралы Заң қабылданған. Сонымен қатар, БАҚ және баспасөз бостандығы жайлы ҚР Конституциясында айтылған. Журналистің қасиеті- оның дүниеге, қызметіне деген көзқарасына байланысты. Журналистика- өзгелерге ұқсамайтын ерекше мамандық. Ұлы ғалым М. Ломоносов айтқандай, журналист тек еңбегі, ақыл- ойы, жауапкершілігі арқылы ғана биік дәрежеге шығады.
Журналист тек бір саланы немесе өз құқығын ғана оқымайды, барлық саланың заңымен қалай жұмыс істеу керектігін университет қабырғасынан біліп шығады. Әрине, журналист прокурор, не тергеуші, не судья емес. Бірақ, журналист кез келген нәрсенің ішіне кіріп, бірге жүріп, қазанның ішінде бірге қайнап, соның ішінде көргенін, білгенін жазуға құқылы. Адам өз құқығын қалай білсе,...