Нұралы хан мен Сырым батыр
Өткен күнде Нұралы хан Сырым батырға құда болам деп бір кісі жіберген. Сонда келген адамның айтқаны Сырымға Нұралы хан сөзі деп: «Досқа сәлем айт, достығымды асырайын деп ойладым, маслихат болса», — деген. Сонда Сырымның айтқаны дейді: «Тотықпас асыл болатқа алтыннан нақыш жүрмейтін, атасының салтынан қараға хан ермейтін, дариядан шыққанмен жауһар тас алтынға басын бермейтін», — деген екен. Бұл сөзді жіберген кісі ханға айтып келген соң, хан тағы да бір кісі жіберіпті сөз білетін.
Ол кісі келіп мына сөзді айтқан Сырымға хан айтты деп: «Асыл берен алмастың балдағы алтын болатын, екі жақсы бас қосса, дос болып көңілі толатын, боямалы асыл емеспіз...