Мы в Telegram
Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Октябрь
2023

Жамбыл облысындағы ветеринариялық мекемелерге жаңа қызметтік көліктер берілді

0

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев өңірдегі ветеринариялық ұйымдарға автокөлік табыстау рәсіміне қатысты. Бұл күні тиісті мекемелерге облыстық бюджет есебінен арнайы жабдықталған 10 УАЗ көлігі берілді. Аймақ басшысы мұндай шаралар ветеринария саласының жұмысын жандандыруға оң ықпал ететінін атап өтті. — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  2021 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында ветеринария саласын реформалауға, орталық пен өңірлердің нақты […]

Сообщение Жамбыл облысындағы ветеринариялық мекемелерге жаңа қызметтік көліктер берілді появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев өңірдегі ветеринариялық ұйымдарға автокөлік табыстау рәсіміне қатысты.

Бұл күні тиісті мекемелерге облыстық бюджет есебінен арнайы жабдықталған 10 УАЗ көлігі берілді.

Аймақ басшысы мұндай шаралар ветеринария саласының жұмысын жандандыруға оң ықпал ететінін атап өтті.

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  2021 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында ветеринария саласын реформалауға, орталық пен өңірлердің нақты міндеттерін айқындауға, ветеринария жүйесін цифрландыруға, мамандарды даярлауға, жалақыны арттыруға қатысты маңызды міндеттер жүктеген болатын.

Президент тапсырмасын орындау, қордаланған мәселелерді шешу бойынша түрлі шаралар қабылданып, жұмыстар атқарылуда.

Қазіргі таңда облыстың ветеринариялық ұйымдарын орталықтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Аудандардағы ветеринариялық станциялары тек өздеріне тән функцияларды ғана атқаратын болады. Қосымша қаржылық-шаруашылық жүргізу жұмыстарын облыстық деңгейде құрылатын кәсіпорын орындайды. Үнемделген қаражат есебінен ауылдық жердегі мал дәрігерлерінің жалақылары шамамен екі есеге дейін артады деп көзделуде.

Ауылдардағы ветеринариялық қызмет көрсететін мал дәрігерлерінің жұмыс жағдайын және ветеринариялық станциялардың материалдық-техникалық базасын жақсартуға көңіл бөлінуде. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады,-деген Ербол Қарашөкеев облыстың ветеринария саласындағы өзекті мәселелерді шешу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды тұрақты түрде бақылауда ұстайтындығын атап өтті.

Сондай-ақ, аймақ басшысы табысталған жаңа қызметтік көліктер кәсіпорындардың өздеріне жүктелген кәсіби міндеттерін орындауды біршама жеңілдететіне сенім білдірді.

Бұдан соң облыс әкімі Жамбыл ауданындағы үй жануарларын уақытша ұстау пунктінің (питомник) ғимаратының жай-күйін көріп, жұмысымен танысты.

Аймақ басшысы нысандағы жануарлардың тамақтану және күтіміне жіті көңіл бөлді.

Пунктегі жануарлар «Жануарларға жауапты қарау туралы» Заңына сәйкес қала және аудандарда ұйымдастырылған уақытша ұстау орындарына жеткізілген иесіз жануарлар арнайы тәртіппен асырап алуға ниетті тұрғындарға беріледі.

Айта кетейік, дәл мұндай нысан бүгінде Жамбыл, Байзақ, Жуалы, Мойынқұм аудандарында бар десек, алдағы уақытта Тараз қаласы мен барлық аудандарда салынатын болады. Ол үшін арнайы орындар белгіленіп, жер телімдері анықталған.

Ербол Қарашөкеев ветеринариялық пункттерді талаптарға сай ғимараттармен, ветеринариялық-санитариялық нысандармен, емдеу алаңдарымен қамтамасыз ету және материалдық-техникалық жабдықтау мәселелеріне айрықша назар аударылатындығын атап өтті.

Айта кетейік, бүгінде облыстағы қала және аудандық 11 ветеринариялық станцияның барлығы қызметтік ғимаратпен қамтылған.

Ауылдық округтердегі 160 ветеринариялық пункттің 139-ы қызметтік ғимаратта, 21 ветпункт жалдамалы нысандарда жұмыс атқаруда.

Барлық ветеринариялық станциялар мен пункттер жалпы саны 225 қызметтік арнайы автокөлікпен, биологиялық және патологиялық қалдықтарды жоюға арналған 15 стационарлы, 5 жылжымалы инсенератор пештерімен қамтылған.

Сообщение Жамбыл облысындағы ветеринариялық мекемелерге жаңа қызметтік көліктер берілді появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.





Губернаторы России
Москва

Столичный мэр реорганизовал управы в ТиНАО





Москва

Воины-мясниковцы в годы Великой Отечественной войны 1941-1945 г.г.


Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media
Москва

Собянин: Московскому метрополитену исполнилось 89 лет



103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. 103news.com — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости

Юрий Шевчук

Певица Алла Пугачева встретилась с Шевчуком во время концерта ДДТ на Кипре




Спорт в России и мире

Алексей Смирнов – актер, которого, надеюсь, еще не забыли

Стартовал финальный этап всероссийского футбольного турнира «Будущее зависит от тебя»

Семьи из Подмосковья поборются за выход в финал конкурса «Это у нас семейное»

В Подмосковье сотрудники ОМОН «Русич» Росгвардии приняли участие в церемонии открытия соревнований по дзюдо среди детей и подростков


Карен Хачанов

Хачанов проиграл Табило в 1/8 финала «Мастерса» в Риме



Новости Крыма на Sevpoisk.ru