Инвестициялық штабтың отырысы өтті
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен «Бизнеске арналған үкімет» фронт-офисінде инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті.
Басқосу барысында инвесторлар тау-кен металлургия саласын, агроөнеркәсіптік кешен және туризмді дамытуға қатысты жобаларын ұсынды.
Атап айтқанда, кездесуде тау-кен металлургия саласын дамытудың кешенді бағдарламасын әзірлеу, жол бойындағы заманауи кешендер ашу, суару жүйелерін шығаратын зауыт салу бойынша жобаларды іске асыру мүмкіндіктері талқыланды.
Сообщение Инвестициялық штабтың отырысы өтті появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.