Сырым мен Алдар (ІІІ нұсқа)
Сырым тағы да Жайық беріші Алдармен кездеседі.
«Нұралы ханды шабамын дегенің дұрыс. Ол халықтың қас дұшпаны екені рас. Оны шабуың үшін тайың құнан шықсын, құнаның дөнен шықсын», — депті Алдар. Онысы күреске бір-екі жыл әзірлеу керек дегені екен. «Күш жинап ханды шабу үшін рубасы адамдардың аттарын атайды. Солар арқылы қол, қару-жарақ жинап аттанғайсың», — дейді қарт. Аталған ру-басылардың ішінде беріштің Жанбай себен Саржала бар екен.
Оны атағанда Сырым Саржаламен көңілдері қоңырқай болып жүргенін айтыпты. Оның мәнісі былай болса керек. Сырым батыр әкесі Дат қайтыс болған соң, оның сүйегін беріштің бір атақты қорымына қояды. Басына биік етіп белгі соғады. Даттың белгісі...