Ақмола (І нұсқа)
Есенғұл беріш Сырлыбай деген кісі қазақтың пішен шаппай, көшіп-қонып, мал отарлап жүрген кезінде Кіші жүз Тайсойған деген қонысында отырып, Бүгелі деген баласын құланға қысырақ мата деп жібереді. Ондағы мақсаты құлан суыққа шыдамды, тапыл-жал, қаба құйрық, боранға ықпайтұғын асыл тұқымды жануар болғандықтан тұқым алу болады.
Бүгелі қасына үш-төрт жылқышы жігіт алып, қос артып, он екі қысырақ байталды жетелеп, құлан іздеп Кіші жүз, Орта жүз жерінің бәрін аралайды. Ақыры бір жерден үйірлі құлан табады. Құланның өрісіне, орманның шетіне он екі байталды шідерлеп тастайды да, сыртынан бақылап өздері алысқа қосын тігіп жата береді. Құлан бірте-бірте жылқыға үйір болып құланның бір айғыры он екі...