Сырым мен Тұрмамбет би (ІІ нұсқа)
Бір күні Сырымның келе жатқанын көріп, күтініп тұрған құдағилары көз көрім жерден алдынан шығады, құдағи ханым тәжім етіп сәлем беріп, Сырымның атының шылбырынан ұстап, ордаға қарай жетектей бергенде, Сырым:
— Құдағи! Кішкене сабыр етіңіз, сіз, ана басыңыздағы тақияңызды алыңызшы, — депті. Құдағи басынан тақиясын алған соң, мына бұрымыңыздың бір талын жұлыңызшы, — депті. Құдағи бас киімін алып бұрымынан бір тал шашын жұлып алыпты, сонда Сырым айтыпты:
— Ал, құдағи, сіз де шашыңызды жалғыз талдап жұла беріңіз, мен де атымның жалын бір талдап жұла берейін. Қашан сіздің басыңыздағы шаш пен менің атымның жалы таусылады, сонда ғана мен сіздікіне барып қонақ боламын,...