Қыз тәрбиесі
“Тәрбие тал бесіктен басталады”,-деген халқымыздың мақалы туғаннан отбасымыздағы тәрбиеге байланысты. Әсіресе қыз тәрбиесі ең өзекті мәселелердің бірі. Ертеден-ақ,ата-бабамыз қыз баласының тәрбиесіне аса жауапкершілікпен қараған. “Қызға қырық үйден тыйым”, “Шешесі отырып,қызы сөйлегеннен без”, “Қыз өссе-елдің көркі,гүл өссе-жердің көркі”, “Қызым саған айтам,келінім сен тыңда”-,деген секілді дана халқымыздың мақалдарының сөзінің өзінде қанша ма мағына жатыр.Отбасында қыздарды , “Қыз қылығымен тәтті”,-деп еркелетіп отырған.Себебі,қыздың тәрбиесі ата-ананың,бүкіл әулетінің абыройы. Бойжеткен қыз-болашақ ана,ақжаулықты әже,бүкіл бір ұлттың тағдырын қалыптастырушы жан.Оның ар-ұяты,адамгершілігі,имандылығы,ибалы-инабаттылығы,ізеттілігі барлығы осы қазақ қыздарының бойында жиналған асыл қасиеттері. Қазіргі таңда,осы бір қыз бойындағы асыл қасиеттер сақталды ма екен? Бүгінгі таңда,қыздардың тәрбиесіне тек ана ғана емес,әлеуметтік желілер,кітаптар мен...