Этикалық кодекстерді сарапқа салу.
Бұқаралық ақпарат құралдары үшін этикалық нормалар заңдардан басым болатынын түсіну маңызды.
Қоғам өмірін журналистикасыз елестету қиынға соғады. Себебі, ол біздің құлағымыз да, көзіміз де. Сөз бостандығы БАҚ еркіндігінің негізі болып табылады, екеуі тығыз байланысты. Ол қоғам өмірінің шынайы бейнесі, халықтың дауысы, халыққа естілуі қажет дауыс десек те болады. БАҚ еркіндігі адамның құқығының қорғалуы және сақталуы үшін қажет. Әлемдегі өзекті мәселелердің басым көпшілігі (қылмыстар, пара беру, зорлық- зомбылық және т.б.) журналисттердің арқасында ел ішінде танылды. Журналистиканың этикалық нормалары – журналист немесе БАҚ редакторы өз еркімен қабылдайтын ережелер жиынтығы. Этикалық стандарттар ақпарат сапасының стандарттарын органикалық түрде толықтырады, ол кез келген өзін құрметтейтін редакцияда болуы керек.. Барлық осы стандарттар тұтынушыға белгілі бір мәселе туралы...