Қазақ этикасы
Адам баласы дүние есігін ашқан сәттен бастап, өмірінің соңғы деміне дейін қоғам арасында өмір сүреді. Өзге адамдармен тіл табысып, сөз алмасып, сырласып та жатады. Адам-қоғамның белсенді мүшесі және оның құраушысы екені барлығына мәлім. Алайда, көпшілік ортасында өзін дұрыс ұстап әрі ойын жақсы жағынан жеткізе білетіндермен қатар, ісі мен сөзіне жауап бере алмайтын дөрекі адамдар да болады. Олар тек тәрбие жағынан шектен шығып қана қоймай, басқа жандардың көңілі мен жағдайына кері әсерін тигізеді. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін барлығымыз естіген «этика» сөзі қолданысқа ие бола болады. Қазіргі таңда «этика» мен оның ережелері секілді көптеген кітаптар, тренингтер, ақыл-кеңестер мен тіпті арнайы сабақтар...