Бөкен бидің Сырымнан жеңілуі
Кіші жүздің елі он екі атадан тұрады. Оны он екі ата Байұлы деп атайды. Он екі ата рулы елдің бірі Есентемір руынан құралған ел. Есентемір руының ішінде атақты Бөкен би болыпты. Ел аузындағы әңгімеге қарағанда, Бөкен би XVIII ғасырда қазіргі Гурьев облысының жерінде өмір сүрген адам. Оның шаруасы шағын адам болу керек. Шаруасының шағындығынан ба, әлде көңілінің жаратқаны ма, өмір бойы астына мінгені
өгіз болыпты. Астыңызға ат неге мінбейсіз дегендерге, атқа мінсем, көңілім өсіп такаппар болып кетемін деп сылтау айтатын секілді. Көк өгізді мініп бүкіл байұлын аралайды, билік айтады. Кіші жүздің елінде оның алдына шыққан, сөзіне шек келтірген ешкім болмайды....