Сырым батырдың ханды шабуы (V нұсқа)
Нұралы атасы Әбілқайыр хан дүниеден қайтқан соң, оның орнына Жайықтың шығыс бетіндегі Кіші жүз нәсілдері — әлімұлы, байұлы, жетіруға хан болып тұрады. Нұралы Россия патшасына қадірлі хан болып, сырт билікті Россия патшасына беріп, елді шеңберінен қысып, мықтап ұстайды. Өзі даңқты, әрі білімді бай һәм саясатқа жетік болады. Көп әйел алып отыз ұлды, қырық қызды Нұралы хан атанады. Әр қатынның баласы басқа-басқа тәрбиеде өседі. Балалары ержетіп өз тізгінін өздері ұстаған соң, олардың жақсылары да, жамандары да байқала бастайды. Мысалы, бір қатынның баласы Бөкей кіші жүздің бір тармағын билеген. Енді бір қатынның баласы Қаратай, Есім, Орман — «бес бөрі» атанған сотқар болған....