Сырым батырдың Нұралы ханды шабуы (IV нұсқа)
Нұралы ханның бір қатынынан Сығалы Қисық деген баласы болып, бір күні бір жақтан келе жатып, бір қыз-келінге бара қонып, кемпір менен шалын үйден қуып шығып, түнде ықтиярсыз қыз-келіншекті де қастарына алып жатыпты. Сонан қарт Сырымға барып айтыпты. Сырым: «Нұралыға айт», — депті. Нұралы ханға айтса, Нұралы: «Әй, жастардың ойнаған ойнын да айтасыңдар-ау!» — деп тыңдамапты. Сонан Сырымға барып тыңдамады деп айтқан соң, Сырым Үргеніштің ханына барып, қасындағы қазысынан сұрапты:
— Қырық шаһ жеті шартпенен қойған ханды өлтірсе, оның құны не болады? — дегенде, қазы айтыпты:
— Қырық шаһ жеті шартпенен қойған ханды өлтірсе, оның құны: мың кісі, мың ақ қарабас...