Садху терапиясының адамға берер әсері қандай?
Шеге- аяққа арналған ең күшті массаж.
Садху тақтасы- адамның ішкі хәлінің жақсаруына, эмоциясы арқылы өкпе-реніштен арылу жолдарына көмектесетін психологиялық шеге тізілген ағаш тақтайша. Қазіргі таңда екінің бірі садху тақтасына тұрып жүргенін көріп жатамыз . Әлеуметтік желілерге жүктеп, өз эмоцияларымен бөлісетін жандар жетерлік. Алғаш көргенде «қауіпті емес пе?» -деген, сынды сұрақтар ойға оралады. Бұл сауалдың жауабына зерттеу жүргізіп көрдік.
Шегеде тұру адамның эмоционалдық және физикалық реакцияларын бағындыруға мүмкіндік беретінінен басқа, шегелерде тұру оның аскетизм түріндегі жағымсыз әрекеттерінің салдарын ақылмен саралап, өмір жолында кездесетін кез келген жағымсыз жағдайлардан жеңіл шығуға септігін тигізеді, - дейді мамандар. Адамның энергитикалық каналдарын тазартады. Шегеде тұру депресиядан арылуға, стресске төзімділікке, қоқыс ойларды...