Жаһандық жылыну
Жаһандық жылыну - соңғы жүз жылда байқалатын жердің климаттық жүйесінің орташа температурасының ұзақ мерзімді жоғарылауы. Бұл мәселе - біздің ғаламшарымыздағы адам әрекетінің салдары. Әлемдегі өнеркәсіптік революция мен химилялық өндірістің қарқынды дамуы - ғаламдық жылынудың басты катализаторына айналды.
Ғаламдық жылыну келесі анторопгендік факторлар салдарынан туындайды:
1. Ғаламдық климаттың түбегейлі өзерісі - көмірқышқыл газдың ұдайы түзілуінде негізделеді. Адам баласы жердің қызуын тудырушы газдың мөлшерін өндірістік революциядан кейін үштен бір есе бөлікке ұлғайтты. CO2-нің түзілуі тікелей орман өрті мен табиғи отын жануынан туындайды.
2. Метан газы - жер беті температурасының көтерілуіне тағы бір себепкер фактор. Егіншілік, өсімдік пен жануар, тұрмыстық қалдықардың ыдырауынан түзіліп, өзге парниктің газдармен...