Жат ағымның кезекті құрбаны – «Өзің» болудан сақтан!
«Материал Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасымен ұйымдастырылған журналистер байқауына қатысу мақсатында дайындалған»
Дін – қоғам үшін қашанда өзектілігін жоғалтпайтын, тұлғалардың өмір сүру үрдістерін реттейтін және замана бағытына қарай ағысын тоқтатпайтын маңызды да , ауқымды тақырыптардың бірі.
« Әркезде қоғам тіршілігі өнімсіздікке ұшырап, іштей жұтай бастағанда заман әуеніне қарай не дінге, не саясатқа қамшы басады», - деп, Ғабит Мүсірепов атамыз айтқандай, бір тудың астында қанат жайып отырған халықтың не ілгері басып дамуы, яки кері кетіп құлдырауы қас пен көздің арасында. Елде діни ахуал шекара сызығынан шығып, руханият көздерін құлыптайтын болса – тұрақсыздық дейтін қара жалау көтеріледі. Ал, бұндай төңкерістер мен шиеленістердің кімге және неге қажеті бар?
Алпауыт мемлекеттердің жерімізге көз тіккен шағында, барымызға шүкіршілік етіп,...