Ер адам астаналықты өлтіру үшін киллер жалдаған
Астанада ер адам танысының мүлкін жұмсап тастап, артынша оны өлтіріп тастаммақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астана қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері кісі өліміне жол бермеді.
"Бұл қылмысты жасады деген күдікпен екі адам - адам өлтіруге тапсырыс беруші мен қылмыс жасамақ болған адам ұсталды", - дейді ПД өкілдері.
Бұл қылмысқа қатысы бар адамдар Астана - Көкшетау тасжолында ұсталған.
"Тінту кезінде автокөлік салонында қару мен бес патрон табылған. Сонымен қатар, кісі өлтіруге тапсырыс берген адамның үйінде тағы сондай 34 қару болған", - делінген хабарламада.
Ұсталған адамдар кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Бұл дерек бойынша соталды тергеу жүріп жатыр.
View this post on Instagram
A post shared by @alqabay_news
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!