Халықты радикалды діни идеологияның қауіптілігі жөнінде хабардар ету
Радикалды діни идеология дегеніміз не? Ең алдымен “Радикализм” деген сөздің тілдік және терминдік анықтамасын айтып өтсем. Радикализм сөздікте - түбір, түп, тамыр деген мағынаны беретін латын тіліндегі radix деген сөзден шыққан. Ал терминдік мағынасы қандайда бір ойды, яки пікірді бұлтартпастан ұстану, тек сол жолдың ғана дұрыс екенін, сол жолды жақтау, қорғау, қолдау, қоштау, қостау, құптау деген мағынаны береді. Радикализм бір қоғамда, бір елді мекенде қалыптасқан дәстүрлерді, қалыптасып кеткен қағидаларды, қалыптасқан жүйені бұзып, өз идеологиясына қарай бұрмалауға бағытталады деп айта аламыз.
Радикализмнің үш түрі бар. Атап айтсақ олар: саяси, философиялық және діни. Біздің қарастыратын тақырыбымыз радикалды діни идеология. Радикалды діни идеологиясы...