Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты еліміздің президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті.
"217 млрд теңге болатын активтер қайтарылды": Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов президентке есеп берді.
Президентпен жолығу барысында Жанат Элиманов мемлекет басшысына Қаржылық мониторинг агенттігінің биылғы 9 айда атқарған жұмыстарының нәтижесі және алдағы уақытқа арналған жоспары туралы баяндаған. Элимановтың мәліметінше, жыл басынан бері мемлекетке жалпы сомасы 217 миллиард теңге болатын активтер қайтарылған, көлеңкелі экономиканың деңгейі 18,7 пайызға дейін төмендеген. Сонымен қатар құқық қорғау органдарына 229 талдау материалы жолданған, есірткі сатушылардың қаржылық операцияларын бұғаттау тәжірибесі жолға қойылған. Агенттік төрағасының айтуынша, бұл жұмыс азаматтарды, әсіресе жастарды, есірткіні онлайн сатып алудан сақтайды. Сондай-ақ Жанат Элимановтың сөзінше, есірткінің заңсыз айналымынан түсетін кірістерді жылыстату үшін пайдаланылған 924 банктік шот бұғатталған. Криптоактивтерді пайдалана отырып жасалатын экономикалық қылмыстарға қарсы іс-қимыл жөніндегі арнайы...