Дәстүрлі дін - таза әрі тура жол.
Материал Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасымен ұйымдастырылған байқауға қатысу мақсатында дайындалған
Дін мен дәстүр қашан да бір-бірімен сабақтас егіз ұғым. Ата-бабамыздан мұра болып қалыптасқан салт-дәстүріміз, мәдениетіміз бен әдебиетіміз асыл дініміздің құндылықтарымен бірге астасып, ажырамас асыл қазынамызға айналғанына қаншама тарих, қаншама ғасыр куә.
Қазіргі таңда, өкінішке орай, қоғамда болып жатқан талай келеңсіз жайттардың дәстүрімізге сызат түсіріп, ұлттық құндылықтарды жоққа шығарғысы келетін дін атын жамылған жат ағымдардың іс-әрекеті, келеңсіз қылықтары төбемізден жай түсіруде. Оң-солын танып үлгермеген жас ұрпақтың санасын тұңғиыққа батырып, улы уағыздарын тықпалап, дұрыс жолдан адастыратын теріс ағымдардың күннен-күнге ішімізге деңдеп, тамырлап бара жатқаны жасырын емес.
Қазақ халқының рухани ортасына еніп жатқан дәстүрлі емес діндердің...