“Медиаэтика: Этикалық кодекстерді сарапқа салу.
Медиаэтика.Этика.Кодекс
Медиаэтика кодекстері – ереже немесе заң емес, ол методикалық ұсыныстар. Себебі медиа мамандары дәрігерлер мен заңгерлер секілді лицензия алмайды, этика кодекстерін бұзғаны үшін лицензиясынан айырылмайды. Бірақ олардың жұмыстан шығып қалуы мүмкін. Алайда жұмыстан қуылғанымен, ол енді осы салада қызмет ете алмайды деген сөз емес. Рас, жұмыс табуы қиындайды. Әуелі этика кодексін бұзу адамдарға зиян келтіріп, мамандықтың беделін түсіреді.
Медиа нормаларын түсіну үшін Этика кодекстері таптырмайтын құрал бола алса да, олардың шеңберінен шығып, проблема туындаған кезде басқа теорияларды, өзге ойларды да қолдана білу керек. Адами құндылықтарды зерттейтін Пойнтер институтының ғалымы, этика саласының маманы Боб Стиль бұқаралық ақпарат құралдарындағы мамандар ойлау мен...