Грантқа қол жеткізуге 100% мүмкіндік. Тегін білім алу үшін қай мамандықты таңдау керек?
Кім болатыныңызды таңдай алмай, бас қатырған кездер есіңізде ме? Бұл таңдау 11 сыныпқа таяған әр оқушыны мазалайды. Көңілден шығып, кейін өкініп қалмайтын, әрі грантқа түсетіндей мамандықты қалай таңдау керек?
Ғылым және жоғары білім министрлігі 2023 жылы грантқа үміткерлер арасында қай мамандықтарға сұраныс жоғары болғанын, ал қайсыларына сұраныс болмағанын анықтап, талдау жасады.