Жемқорлық: еліміздің ертеңі қандай болмақ?
Жемқорлық: еліміздің ертеңі қандай болмақ?
Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес-ең өзекті әрі мемлекеттік маңызды мәселе. Мемлекеттің бастамалары, өсіп-өркендеуіне кесапатын тигізіп, жетістіктерін жоққа шығаратын елдің экономикалық қауіпсіздігіне қауіп-қатер төндіретін жымысқы жау десе болады. Сондықтан елімізде мемлекеттік саясаттың негізгі басымдылығының бірі – осы зұлымдықпен күресу болып табылады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу дегеніміз – бұл мемлекетте тұрақтылықты қамтамасыз етудің қажетті шарты» – деп, айтқан екен кезінде Аристотель ғұлама.
Көк байрағымызда көкке самғаған бүркіттің бейнесін халқымыздың арман-мақсатының символы деп танысақ, оның қанатын кең ашып, еркін самғауына кедергі ететін - осы жемқорлық. Мұны жеңбей, еш ісіміз оңбайды. Жемқорлықты ұлттық қауіпсіздігімізге төнген жойқын қауіп деп қарауымыз керек. Мысалы,...