Жөтелдің алдын алу
Күз келді. Күзбен бірге иммунитетіміз де нәзік болғандықтан, ауырып қалатынымыз да бар. Ал жөтел болса, емі қандай екен?
Жөтел – тыныс алу жүйесі ауруларының ең жиі кездесетін белгілерінің бірі. Жөтел өкпеқабынуы, туберкулез, тыныс жолының (көмекей, кеңірдек, т. б.) қабынуы кезінде, сондай-ақ тыныс жолдарына шаң-тозаң, улы газ, темекі түтіні енгенде, суға шашалғанда, негізінен, тыныс органдарының ішкі қабатына орналасқан сезімтал жүйке талшықтарының тітіркенуінен болады. Жөтел кезінде тыныс жолдарына жиналған қақырық сыртқа шығады.
Жөтел – иммунды жүйенің әдеттегі қорғанысы, рефлексі. Тамаққа жиналып қалған қақырықты түсірудің жолы. Бұл жағынан алып қарасақ, жөтел жай бір нәрсе боп көрінуі мүмкін.Бірақ жөтел қақырықты шығара алмаса, онда жағдай қиын. Оның үстіне, жөтел жүйкеге қатты тиеді, қайта-қайта жөтеле берген ешкімге ұнамасы анық. Кейде тамақ ауырып қалуы да мүмкін.Сондықтан жөтелді күнібұрын емдеген артық етпейді. Жөтелді үйде жатып емдеудің...