Альфа буыны, сен кімсің?
Мақалада «Альфа ұрпақ» терминін ашып көрсету айқындалады. Қазіргі өскелең ұрпақтың, алдыңғы ұрпаққа қарағандағы ерекшеліктері баяндалады.
2010 жылдан бастап дүниеге келген балаларды ғалымдар «Альфа ұрпақ» деп атап жүргенін білеміз. Біріншіден, альфа ұрпақ деген кім және бұл сөздің қалай пайда болғанын анықтап алайық. «Альфа ұрпақ» терминін алғаш рет австралиялық ғалым Марк МакКриндл қолданған. Оның зерттеуі мен анықтамасы бойынша бұл атау 2010-2024 жылдар аралығында туылған балаларға қатысты қолданылады. Бұл он бір жастағы балалар мен алдағы жылдары дүниеге келетін сәбилер. Бұлар Z ұрпақтың, яғни зеталар мен зумерлердің(2001 жылдан туылған ұрпақ) орнын ауыстырады. Тіпті, 2025 жылға қарай дүние жүзінде олардың саны екі миллиардқа жетеді деген болжам бар.
Альфа балалардың ерекшеліктеріне тоқтала кетсек. 2010 жылы, яғни Instagram іске қосылған және алғашқы...