Журналистиканың құқықтық негіздері
Әрине, журналист прокурор, не тергеуші, не судья емес. Бірақ, журналист кез келген нәрсенің ішіне кіріп, бірге жүріп, қазанның ішінде бірге қайнап, соның ішінде көргенін, білгенін жазуға құқылы. Оны жазуға құқығы бар. Әрине, журналистің құқығы шектелген. Соған қарамай, ол барлық мәселені жаза алады. Тіпті, сот процесін, іс бірінші сатыда қаралып жатса да, апелляцияға, кассацияға жеткенде де жаза алады. Бірақ, оны қалай жазады, мәселе сонда. Бұл жерде де құқық саласында білімнің болуы маңызды рөл атқарады.
Журналист – билiк пен хaлықтың арaсындағы алтын көпiр іспеттес. Журналист – әмбебап мамандықтың иесі сонымен қатар қоғам тірлігінің тамыры деп айтсақ та қателескеніміз емес. Төртінші билік саналатын журналисттер қауымы үшін, өзінің өзгеге рух берер қабілеті мен тізгіннің өз қолында екенін сезіну ерекше жауапкершілік пен батырлық болып табылады. Осы тұрғыда әр журналисттің сөзін растайтын, құқығын қорғайтын заң бар.
Кез келген қоғамда түрлі саяси, экономикалық реформаны жасай беріңіз, егер заңдық қадағалау болмаса, ол еш жүзеге аспайды. Сөз жүзінде атқарыла беруі мүмкін, бірақ іс жүзінде ондай бетбұрыстар халық игілігін көрмейді. Міне, осы жерде құқықтық органдар істі қадағалап жүргізсе, құқықтық журналистика сол жауапты...