Барлыбек Сыртанов һәм Қазақ елі Конституциясы
«Конституция» деген сөздің латыннан аудармасы «құрылғы», «жарғы», «заң» деген мағыналарды білдіреді.
Ата заңымыздың қалыптасу тарихы Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, Тәукенің Жеті жарғысынан бастау алады. Сол заңдардың негізінде ақсүйек пен қарапайым жұртшылықты «теңдік» принципіне жүгіндерген Төрт би, төре заңы тұңғыш заңнама болып табылады. Ал тұңғыш қазақ конституциясының жобасын әзірлеген – Барлыбек Сыртанов. Ол 1911 жылы «Қазақ елінің Уставы» деп аталған құжаттың жобасын әзірледі. «Қазақ елінің уставы» құжатының негізгі идеясы – дербес ұлттық егемен мемлекетті қалыптастыру. Құрылымы жағынан Қазақ елінің Уставы Преамбуладан, 4 тараудан және 28 баптан тұрады, ондағы 1-тарау Қазақ елі республикасының жеке болуы турасында, 2-тарау Адам...