Әлеуметтік желінің әлегі
Қазіргі уақытта адамның өмір сүру дағдысы осыдан 10 жыл бұрынғы уақытпен салыстыруға келмейді. Дәстүрлі медиада айтар сөздің түп-төркіні зерделеніп, сүзгіден өткізіледі. Ал ар-намыс пен ұятты жиып қойған көпшілік психологиясы қызуқандылыққа бейім. Немесе телефонның ар жағында отырған әрбір адамның мінез-құлқы өзгеріске ұшыраған. «Хайп» пен «пранктың» жетегінде кеткен қаншама жанның жапа шеккенін көзіміз көріп жүр. Иә, сөз мәдениеті, адами құндылық, сыйластық секілді өзге де қасиеттің әлеуметтік желінің тасасында қалып қоймағаны қашан. Дөңгеленген дүниеде орын алып жатқан кез келген қарама-қайшылық кәдімгідей ойлантады. Ақпарат айдындағы журналистика мен әлеуметтік желі қолданушысы жайында тарқатып айтпақпыз.
Әлеуметтік желіні қолданатын көпшілік қауымда шектен тыс еркіндік бар. Күніне әлеуметтік...