АҚЫЛДЫ ЖУРНАЛИСТИКА:ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІҢ ЖУРНАЛИСТИКА САЛАСЫНА ӘСЕРІ
XXI ғасырда күрделі зияткерлік тапсырмаларды орындайтын роботтардың араласпайтын еңбек саласын елестету қиын. Бүгінде жасанды интеллект – шешімді жасау мен қабылдау үшін адамның қызметін күшейтетін, барлығын өзі үйрететін құрал-сайман. Жасанды интеллект адамзаттың барлық маңызды салаларына толықтай еніп үлгерді. Мысалы,медицина,БАҚ,беру,ақпараттықтехнологиялар,қылмыспен күрес және әрине ғылым саласы. Сонымен, жасанды интеллект ауқымды қарқынмен біздің өмірімізге еніп,сапалы түрде өзгерістер енгізуде.
Жасанды интеллектің біздің өмірімізде кең қолдануылуының 2 шартты маңызы бар. Біріншіден,ілгеріде адамның қатысуын талап ететін процестерді автоматтандыра алады. Мысалы, өндірісте роботтандырылған механизмдерді басқару. Яғни, ЖИ толықтай адамның міндетін атқарады. Екінші жақтан, ол үлкен көлемдегі ақпараттарды толықтай өңдеп,барлық мүмкін нұсқаларды талдап автоматты түрде анализдейді. Бұл бағытта адамға қарағанда ЖИ...