Қытайда 12 халықаралық арт-фестивалі басталды
Эксклюзивті жаңалық
12 қазан күні ҚХР-ның Аньси қаласында 12 халықаралық арт-фестивалі басталды. Фестивальға барлық Азия елдері қатысуда. Қазақстан атынан еліміздің намысын қорғап, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің студенттері өнер көрсетті. Студенттер 2003 жылы құрылған "Бақыт" балет ансамблі және оның жетекшісі, Қазақстан Республикасының Мәдениет Қайраткері Галя Асангазиевнаның жетекшілігімен шараға қатысты. Еліміздің танымал әншісі Malikayes-тің орындауында "Әгугай", "Көктем вальсі", "New world", "Әнім сен едің" атты әндер шырқалды. Мың бұралып билеген бишілердің арасында журналистика факультетінің студенттері де бар. Олар Құрман Құралай, Журумбай Диана, Атахан Дамира. Факультетіміздің 2 курс студенті Журумбай Диана қазір PR мамандығында білім алып жатыр. Дианамен Қытайдан байланасып, оның әсерімен бөлісуді жөн көрдік: "Бізді Қытай...