Эмоционалды интелект және оның дамуы
Берілген мақала Эмоционалды интелект жайында. Яғни ол терминнің не екендігі, оның адам өміріндегі маңызын және оны қалай дамытуға болатыны туралы баяндалады. Қазіргі таңда кез келген адам өмірдің жылдам қарқынына ілесе алмай, көптеген ішкі ауыруларға душар болып жатқанын байқаймыз. Ал бұдан бөлек сол ішкі ауырулар сыртқы, яғни физикалық ауыруларғада душар ететіні анық және ол адамның бейнесінен, болмысынан бірден, әп сәтте байқалатын дүние. Сондықтан бұны болдыртпас үшін, берілген мақаладағы тақырыптың өзектілігі өте зор, әрі күрделі зерттеу барысынан өткені айшықталады.
Күнделікті өмірде адам баласының өмірінде түрлі оқиғалар орын алып тұрады. Оның бірі жақсы істерге байланысты болғанымен, бірі ұрыс, келеңсіз оқиғалар, жиі болып тұратын сәтсәздіктер, ойыңдағы белгілі бір жоспардың орындалмауы, осының барлығы қарапайым адамға көптеген эмоционалдық ауырулардың қауіпіне алып келеді. Былайша қарапайым тілмен айтқанда, адамдардың қазіргі таңда шалдығатын ең ауыр, әрі тез келетін сезімдік, ішкі ауыру ол – cтресс, былайша айтқанда депрессия. Бұл ауыр дерттке тез берілмеуді немесе тіпті ол дертке мүлде шалдықтырмауды имунды түрде үйрететіп, дамыйтын ол Эмоционалды интелект.
Ең алдымен эмоционалды интелектттің не екенін қарапайым, түсінікті тілмен жеткізсек. Мысалға қарапайым адамдар жұмыста болсын, не бір істің басында, оқу барысында, немесе қарапайым...