Қазақстан Республикасының терроризм мен экстремизмге қарсы күресі.
Бүгінгі таңда экстремизм мен терроризм қазіргі әлемдегі ең күрделі қауіптердің бірі болып табылады. Экстремизм - бұл шектен шыққан көзқарастарға және атап айтқанда, шараларға ұмтылу. Мұндай шараларға тәртіпсіздіктерді тудыру, азаматтық бағынбау, лаңкестік әрекеттер, партизандық соғыс әдістері жатады. Ал «діни» префиксі кез келген дінді ұстануды білдіреді. Терроризм – зорлық-зомбылық идеологиясы және халықты қорқытумен байланысты, жеке тұлғаларға зиян келтіруге бағытталған зорлық-зомбылық және өзге де қылмыстық әрекеттерді жасау, жасаймын деп қорқыту арқылы мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының немесе халықаралық ұйымдардың шешімдер қабылдауына ықпал ету тәжірибесі. Ұйымдастырушылар көбінесе лаңкестік әрекетті азаматтық немесе басқа құқықтарды қорғаудың «жалғыз мүмкін, ең тиімді» әдісі ретінде көрсетеді. Мақсат – билікке...