ШЕТЕЛДЕГІ ОҚУ ӨМІРЛІК ТӘЖІРИБЕ БЕРДІ
Шетелде оқу кез-келген жастың арманы. Қазіргі таңда әрбір студент өз білім деңгейін арттыру мақсатында әлемнің үздік университеттеріне академиялық ұтқырлық бағдарламасымен немесе магистратураға оқуға тапсырады. Әрине, жүзден жүйрік мыңнан тұлпарлар ғана мұндай керемет мүмкіндікке ие болады.Осы тақырыпта ХАТУ-дың 3 курс студенті Аружан Абсатармен сұқбаттасқан едік.
ЕКІ ЕЛДІҢ ОҚУ ЖҮЙЕСІ
- Қазақстан мен Польшаның оқу жүйесінде бірқатар айырмашылық бар. Әсіресе, ол жақта студент өзінің қалаған пәндерін таңдайды және сол пәнді байқап көруіне белгілі бір уақыт беріледі. Білім алушы дисциплинаны, сабақ кестесін және уақытын өзі таңдайды. Оқу тек лекциялар мен семинарлардан ғана тұрады. Бір пән лекция болса, екіншісінен тек семинарға барасың. Студенттердің сабаққа қатысымы тексерілмейді.Барлық қорытынды бағаны шешуші емтиханда қояды.
Біздің Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде әлемнің 80 мемлекеттегі оқу орындарымен серіктестік бар. Жалпы журналистика мамандығы бойынша Кореяда, Польшада , Малайзияда, Чехияда оқуға мүмкіндік бар. Соның ішінде маған Польша қатты ұнады. Бірінші курстан бері осы елге...