ЖУРНАЛИСТ ЭТИКАСЫ ЖӘНЕ БАСПАСӨЗ
Журналистік этика-журналист қызметінің негізгі алғышарттарының бірі. Онсыз баспасөзде де, журналистте де танымал болмас еді. Журналистің кәсіби этикасын терең білу және жан-жақты түсіну, оны зерделеу, әсіресе қазақстандық журналистика үшін аса маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Осылайша, этика мәселесі журналистердің назарында болатын мәселелердің бірі болып саналады.
Журналистикадағы этика ғылымына соңғы он жыл ішінде ғана аса көңіл аудара бастады. Мәселен, ғалым Р.Г. Бухарцев қазіргі таңдағы кәсіби этиканың табиғатынан кәсіби этика мен журналистің шығармашылық даму үрдісінің байланысын ашык дәлелдесе, орыс зерттеушісі В.А. Казакова журналистің жұмыс істеу барысындағы әдептілік қарым-қатынастың түрлерін жан-жақты атап көрсетті. Ал, ғалым В.М.Теплюк журналистің әлеуметтік мәселелердегі жауапкершілігі мен дерек, дәйектерді қолданудағы этикалық нормаларды...