Алдамаған арман
Аружан мектепті бітіргенде өмір ағымында өзін жоғалтып алғандай сезінді. Айналасындағылар мен отбасы оған болашағынтұрақты қамтамасыз ететін, қоғамда сұранысқа ие мамандықты таңдауды ұсынды. Ал Аружанның жан қалауы басқада еді. Ол өзінің бала қиялымен армандаған, сол арманына қанат бітірген ісі -шығармашылықпен айналысқысы келді. Алтын ұя мектебімен қоштасып, қолына жалпы орта білім алғандығын растайтын құжатын алған сәтке дейін ойы сан саққа жүгірді. Күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылды. Бар ойлайтыны – болашақ мамандығы. Ақыры бір шешімге келіп, нақты соңғы таңдауын жасады.
Кішкентай кезінде көрген-білгенін, оқып-түйгенін қағаз бетіне шимайлап жаза бастайтынол, ержете келе мақала жазумен айналысқан, мектепте жас тілішілерге арналған үйірмегеқатысқан еді. Ойын көркемдеп жазу, өзекті тақырыптарға ойтолғау оған ерекше сезім, бостандық сыйлайтын, қиялына қиял қосатын. Бірақ ата-анасы мен мұғалімдерішығармашылықпен айналысу оның болашақ нәсіп табатын кәсібіне айналатынына күмәнкелтірді. Көпшіліктің наразылығына қарамастанАружан өзінің табиғи қабілетін...